«Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 306 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшасымен бекітілген «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.