Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының» 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2264 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 25-26, 866-құжат);