Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 41 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 50-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жұманғарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының