Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешімі
(2021.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 48-сессиясының төрағасы | Б. Махашов |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | К. Бисенов |
Қызылорда облыстық маслихатының 2021.14.04. № 25 шешімімен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 474 шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді,
медициналық бұйымдар
| № | Ауру түрі | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны) |