ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 17 шілде
№ 602
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 17 шілдедегі
№ 602 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін
дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Паспорт
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Мемлекеттік қызметті дамытудың пайымы
5-бөлім. Мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Қосымша: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
l-бөлім. Паспорт
| Атауы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
| Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 24-1317 тапсырмасы |
| Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |