Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасының
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер