Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 41/01 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 41/01 қаулысына қосымша
Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мыналар:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Ұлытау облысының Полиция департаментінің ұсынысы бойынша Ұлытау облысының әкімдігі құратын комиссиясымен қаралады (бұдан әрі - Комиссия).
3. Комиссия 10 адамнан тұрады. Комиссия құрамына Ұлытау облыстық мәслихатының, Ұлытау облысы әкімдігінің және Ұлытау облысының полиция департаментінің өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы - құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары.