Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 Қаулысы
(2025.11.05. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025.25.04. № 53 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 11 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025.25.04. № 53 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 11 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Алтынсарин ауданы келесі қаулыларының:
Алтынсарин ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерінің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 қаулысы (2016 жылғы 24 маусымда «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген);