Введите номер документа
Прайс-лист

ҚР СТ ГОСТ Р 51764-2020 «Мүгедектерге арналған көтергіш тасымалдау оңалту көлік құрылғылары. Жалпы техникалық талаптар»

Информация о документе
Датавоскресенье, 20 декабря 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2021
Дата последнего изменениявоскресенье, 20 декабря 2020

ҚР СТ ГОСТ Р 51764-2020

Мүгедектерге арналған көтергіш тасымалдау оңалту көлік құрылғылары
Жалпы техникалық талаптар

 

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар

4. Негізгі өлшемдері

5. Жалпы техникалық талаптар

6. Қауіпсіздік талаптары

А қосымшасы (ақпараттық). Көтергіш құрылғыны мерзімді тексеру тәртібі

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт мүгедек жолаушылардың, сонымен қатар қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың (егде жастағы адамдардың, жүкті әйелдердің, балалар арбасымен жүретін адамдардың және т.б.) көлік құралына өтуін (жүруін) қамтамасыз етуге арналған ҚР СТ ISO 9999 бойынша 12 12 18 біліктілік топтарына жататын мүгедектерге арналған және жердегі көлік құралдарының штатты жабдығы болып табылатын көтергіш оңалту көлік құрылғыларына (бұдан әрі - көтіргіш құрылғылар), сонымен қатар ҚР СТ ГОСТ Р 51090 талаптарына сәйкес келетін қоғамдық жолаушылар көлігі құралдарына қолданылады.

Осы стандарт жүк көтергіш құрылғыларға қойылатын жалпы техникалық талаптарды анықтайды.

Осы стандарт:

- жату жағдайындағы;

- психикалық функциялары айтарлықтай бұзылған жолаушыларға арналған көтергіш құрылғыларға қолданылмайды.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін стандарттау жөніндегі мынадай сілтемелік құжаттар қажет:

ҚР СТ ГОСТ Р 15.111-2010 Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Мүгедектерді техникалық оңалту құралдары.

ҚР СТ 41.36-2008 Жалпы конструкциясына қатысты жолаушыларға арналған үлкен сыйымдылықты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты бірыңғай ұйғарымдар.

ҚР СТ 41.52-2008 Жалпы конструкциясына қатысты М2 және М3 санатындағы аз орынды көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты бірыңғай ұйғарымдар.

ҚР СТ ГОСТ Р 51090-2010 Жолаушыларға арналған қоғамдық көлік құралдары. Мүгедектер үшін қол жетімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын жалпы техникалық талаптар.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами