Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 11-1-4/184 бұйрығы
(2024.07.09. берілген өзгерістермен)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер Министрі | М. Нұртілеу |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Сыртқы істер Министрі
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№ 11-1-4/184 бұйрығымен
бекітілген