«Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 89 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 25 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32519 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар) аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;