Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 37-210 шешімі
Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 51 152 764 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 15 441 497 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 1 176 853 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 5 007 421 мың теңге;
трансферттер түсімі 29 526 993 мың теңге;
2) шығындар 65 771 929 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 148 158 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 128 745 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 276 903 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 14 471 007 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 14 471 007 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 10 842 978 мың теңге;
қарыздарды өтеу 622 070 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 250 099 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |
Талдықорған қалалық мәслихатының
2025 жылғы 04 маусымдағы
№ 37-210 шешіміне 1-қосымша
Талдықорған қалалық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 29-174 шешіміне қосымша
2025 жылға арналған қала бюджеті
| Санаты | |
| | Сынып | Сомасы |
| | | Ішкі | сынып Атауы | (мың теңге) |