Осы редакция 2018 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.03.07. № 203 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
7-қосымша
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.03.07. берілген толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз ) күн;
2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі - бұйрық жобасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.