Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жауынгерлік даярлауға арналған әскери мүліктің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 374 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 752 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жауынгерлік даярлауға арналған әскери мүліктің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бекітілген нормалар бойынша сатып алу тиісті жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов
2015 жылғы 15 маусым
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 374 бұйрығымен бекітілген
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынның жауынгерлік
даярлыққа арналған әскери мүлікінің заттай нормалары
1-заттай норма.
Құрамалары мен әскери бөлімдерін оқу объектілерімен
қамтамасыз ету