«2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 408-72/5 шешімі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7070 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 115 729,6 мың теңге, оның ішінде:
cалықтық түсімдер - 5 174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 506,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 110 049 мың теңге;
2) шығындар - 116 884,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 154,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 154,6 мың теңге;
қарыздар түсімдері - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 154,6 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.