Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 182-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Тізбенің 2-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
Тізбеге 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы | Ш. Акпарова |
Қазақстан Республикасы