Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №207 шешімі
(2023.20.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022.21.12. № 329 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022.21.12. № 329 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Қазалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6516 болып тіркелген);
2) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 12 ақпандағы № 275 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6689 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |