Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 Қаулысы
(2021.06.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қаласының әкімі
Е.Т. Жанбыршин
23 ақпан 2015 ж.
Бейнеу ауданының әкімі
Б.А. Әзірханов
23 ақпан 2015 ж.
«Маңғыстау облысының
дін істері басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е.Ж. Есбергенов
23 ақпан 2015 ж.