Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 208 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2017 жылғы 10, 11 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
3) тармақшада:
таза бюджеттік кредит беру -
«7 021 755» деген сандар «20 021 755» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«7 977 903» деген сандар «20 977 903» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығы -
«-6 166 077,3» деген сандар «-19 166 077,3» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
бюджет тапшылығын қаржыландыру -
«6 166 077,3» деген сандар «19 166 077,3» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімдегі 1 және 2-қосымшалары осы шешімдегі 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Г. ЕРҒАЗИНА |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2017 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 208 шешіміне 1-Қосымша
Облыстық мәслихаттың
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 72 шешіміне 1-Қосымша
2017 жылға арналған облыстық бюджет
| Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | АТАУЫ | Сомасы (мың теңге) | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
| | | | I. Кірістер | 144 585 419,2 | |
| 1 | | | Салықтық түсiмдер | 35 729 122 | |
| | 01 | | Табыс салығы | 14 023 458 | |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 14 023 458 | |
| | 03 | | Әлеуметтік салық | 12 548 087 | |