Введите номер документа
Прайс-лист

«2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 145 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 29 мая 2025
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 ноября 2025

2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 145 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 333 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың тізбесі мен нормалары бекітілсін.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі

К. Аксакалов

 

Қостанай облысы әкімдігінің

2025 жылғы 29 мамырдағы

№ 145 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялардың

тізбесі мен нормалары

 

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Тыңайтқыштағы белсенді заттардың құрамы (%)

Субсидиялар нормасы (теңге)

Өлшем бірлігі (тонна, литр, килограмм)

1

Аммиакты селитрасы

N-34,4

62 500,0

тонна

2

Б маркалы Аммиакты селитрасы агрохимикаты

N-34,0-34,4

62 500,0

тонна

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами