Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 85 526 892 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 53 456 769 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 236 996 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 835 831 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 23 997 296 мың теңге;
2) шығындар - 77 112 725 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 443 950 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 443 950 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 7 970 217 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -7 970 217мың теңге;
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 970 217 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен, Өскемен қаласының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар - 0 мың теңге. Өскемен қаласының бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік қайтарып алулардың көлемі - 0 мың теңге екендігі ескерілсін.
3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 45 219 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2024 жылға арналған кірістерді бөлу нормативтері атқарылуға алынсын, соның ішінде: