Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «I САНАТТАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР Б...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 2 июня 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 2 июня 2020

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2020 жылғы 2 маусымдағы

№ 130 бұйрығына

4-қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді:

1) қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім;

бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы немесе мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты алу үшін өтінімге, қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами