Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 шешімі
(2024.05.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, 7-бабы 4-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Байгабелов |
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
Қостанай облысы мәслихатының
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 539 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
Қостанай облысы мәслихатының 2024.13.09. № 163 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: