«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес және «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 1159 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен берілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |