Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 «Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы № C 38-1 шешімі
Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл аудандық мәслихатының «Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8691-03 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | С. Абаханов |
Ақкөл аудандық мәслихатының
2025 жылғы 2 мамырдағы
№ C 38-1 шешіміне
қосымша
Ақкөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ C 15-2 шешіміне
қосымша
Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер