Ақсуат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 25 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 304 Қаулысы
Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсуат ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-18 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары А.Аққазинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы | К. Мауадинов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақсуат аудандық
мәcлихаты» мемлекеттік мекемесі
Ақсуат ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 3 маусымдағы
№ 304 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі