«Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 10 маусымдағы № 14 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы | М. Турлубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және