Исатай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 9-VIII шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бекітілсін:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Аққыстау ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тұщықұдық ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қамысқала ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Жанбай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
5) осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
6) осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес Зинеден ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
7) осы шешімнің 7-қосымшасына сәйкес Исатай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Мусин |
Аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 9-VIII шешіміне
№ 1 қосымша
Аққыстау ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған Жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі
жоспар