Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізетін үй-жайлардың тізімі белгіленсін.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:
1) барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;