«Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 293 шешімі
Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27549 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |
Қазалы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 22 тамыздағы
№ 293 шешіміне қосымша
Қазалы аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 207 шешіміне қосымша
Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу
тәртібі мен мөлшері