2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 369 шешімі
Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 358 шешімімен күші жойылды
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 - қосымшаларына сәйкес Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, Аралқұм, Аманөткел, Ақирек, Атанши, Бекбауыл, Беларан, Бөген, Жаңақұрылыс, Жетес би, Жіңішкеқұм, Қамыстыбас, Қарақұм, Қаратерең, Қосаман, Қосжар, Құланды, Мергенсай, Октябрь, Райым, Сазды, Сапақ ауылдық округтерінің 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары бекітілсін.
2. «Арал ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 218 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6656 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Садуакасова |
| Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мадинов |
Арал аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 369 шешіміне 1- қосымша
Сексеуіл кентінің 2020 - 2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспары
1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);