«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 27/4-VIII шешімі
Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8942-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Мусинова
2025 жыл
Алтай ауданының мәслихатының
2025 жылғы 17 сәуірдегі
№ 27/4-VIII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 9/3- VIII шешіміне
1- қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер