Денсаулық сақтау саласы бизнес-процестерінің реинжинирингі жобалау топтарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 351 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялаудың жол картасында айқындалған 4-бағыт бойынша бизнес-процестерді реинжинирингтеудің жобалық топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамында құрылсын.
2. Цифрлық трансформация кеңсесінің ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Жобалық топтар осы бұйрық тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде іс шаралар жоспарын кестесін әзірлесін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
вице-министрінің
2023 жылғы 16 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
1-қосымша
Бизнес-процестер реинжинирингінің жобалық топтар құрамы
1. Медициналық көмекті ұйымдастыру
| Кидиралиева Асель Казбековна | Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы, топ басшысы |
| Бекбулатов Фархад Бауржанович | Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры |
| Ахмадиева Гулнур Куанышевна | Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының басшысы |
| Бегалиева Гульдей Турехановна | Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының басшысы |
| Бекжанова Алия Маратовна | Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы |