«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 296/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 76/НҚ бұйрығы
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы» 2025 жылғы 11 маусымдағы № 296/НҚ бұйрығына келесі өзгеріс енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрықпен бекітілсін және осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.