Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығы
(2024.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 417 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;