ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 69 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2024.26.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - тіркеу есебінен шығару кезінде;
2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы тіркеу есебінен шығару кезінде;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі - портал) - жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою және тіркеу деректерін өзгерту кезінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.