2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-29/8 шешімі
(2023.14.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2023.18.08. № 56-7/8 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.14.11. № 79-10/8 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті 1,2,3- қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 476 379,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 737,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 182,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 467 460,2 мың теңге;
2) шығындар - 476 973,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 593,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 593,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 593,9 мың теңге.
2. Қалалық бюджеттен Қосшыңырау ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2023 жылға - 111 123,0 мың теңге, 2024 жылға - 120 023,0 мың теңге, 2025 жылға - 129 230,0 мың теңге сомасында бекітілсін.