Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 ақпандағы № 50 бұйрығы
(2023.08.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің құрамы бекітілсін.
2. Жұртшылықпен байланыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер, агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Муксимов Салауат Сыйлыбайұлына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.08.12. № 241 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 50 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
жанындағы қоғамдық кеңестің құрамы
| № р/с | АТЫ-ЖӨНІ | ЛАУАЗЫМЫ |
| Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдері |
| 1. | Мустафин Ерлан Сейткенұлы | «National Centre of training and organizational psycology» жетекшісі |