Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242 бұйрығы
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-07-1374 хаттамалық тапсырмасының 4.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі жол картасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 242 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі
жол картасы
| № р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көзі |
| 1. | Аграрлық ғылыми ұйымдарды іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізу жөніндегі ұсыныстар | БЖҒМ-ға ұсыныс | АШМ, ҰАҒББО (келісу бойынша) | 2023 жыл ішінде | РБ |
| 2. | Базалық қаржыландыру есебінен жетекші ғалымдардың жалақысын ұлғайту | Қаржыминіне бюджеттік өтінім | АШМ, ҰАҒББО (келісу бойынша) | 2023-2027 жылдар | РБ |
| 3. | 2024-2026 жылдарға арналған АӨК басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың салалық жұмыс топтарының ғылыми-техникалық тапсырмаларын әзірлеу (өсімдік шаруашылығы және егіншілік, оның ішінде органикалық, мал шаруашылығы және ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, АӨК экономикасы және т.б.) | Ғылыми-техникалық тапсырмалар | АШМ | 2023 жыл ішінде | РБ |