Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 14/122 шешімі
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген);
2) 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2/17 «Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6401-09 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Муслымов |
Балқаш қалалық мәслихатының
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 14/122 шешіміне қосымша
Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі