Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 14/271-VIII шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жарма аудандық мәслихатының төрағасы | М. Оспанбаев |
Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 14/271-VIII шешімінің
қосымшасы
Жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Үлгі регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;