Қазақстан Ресубликасының Ұлттық ұланын бейбіт уақытқа тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтаудың арналған заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тамақтандырудың, азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қаматамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»