«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1645 бұйрығы
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық және бюджеттік жоспарларымен өзара байланыс архитектурасы»деген 4 бөлім осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5 бөлім осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Ресурстар» деген 6 бөлім осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2018 жылғы«___» _________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов 2018 жылғы«___» _________ |
Қазакстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1645 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1207 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған