«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 371-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 210-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 7 және 15-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Респубкасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 371-Ө бұйрығына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ішкі аудит департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберуді;
2) Тізбені осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Согласовано
06.09.2024 20:01 Хайруллин Мураткали Каримович
09.09.2024 12:40 Мухтарова Сагыныш Конысбаевна
09.09.2024 14:11 Казакбайулы Алишер
Подписано
09.09.2024 19:48 Нысанбаев Ерлан Нуралиевич

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігінің
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 210-ө бұйрығына қосымша