Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі
ҚР СТ 1.1-2019
Стандарттау
Терминдер мен анықтамалар
(ІSO/ІEC GUІDE 2:2004 Standardіzatіon and related actіvіtіes -
General vocabulary, NEQ)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі шеңберінде жүргізілетін стандарттау саласында қолданылатын негізгі ұғымдардың терминдері мен анықтамаларын белгілейді.
2. Стандарттау
2.1 Жалпы ұғымдар
| 2.1.1 Стандарттау: Нақты қолданыстағы және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге және стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет [1]. | ru | Стандартизация | |
| en | Standardіzatіon | |
| 2.1.2 Стандарттау саласы: Өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы [5]. | ru | Сфера стандартизации | (1.3, ІDT), |
| en | Scope of standadіzatіon |
| 2.1.3 Стандарттау объектісі: Стандарттауға жататын немесе ұшыраған өнім, процесс және көрсетілетін қызмет. | ru | Объект стандартизации | |
| en | Object of standardіzatіon | |
| 2.1.4 Стандарттау субъектісі: Стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар. | ru | Субъект стандартизации | |
| en | Subject of standardіzatіon | |
| 2.1.5 Өнім: Қызметтің материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған нәтижесі [1]. | ru | Продукция | |
| en | Product | |
| 2.1.6 Процесс: Өнімнің өмірлік циклі кезеңдерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге қол жеткізу жөніндегі өзара байланысты және ретімен орындалатын іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы [1]. | ru | Процесс | |
| en | Process | |
| 2.1.7 Көрсетілетін қызмет: Жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет [1]. | ru | Услуга | |
| en | Servіce | |