2025-2027 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 234-33/6 шешімі
(2025.06.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025.06.03. № 250-35/6 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 144 151,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 15 762,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0;
трансферттердің түсімдері - 128 389,0 мың теңге;
2) шығындар - 152 517,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -8 366,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 8 366,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 8 366,9 мың теңге.
2. Қалалық бюджеттен Қарауылтөбе ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2025 жылға - 128 389,0 мың теңге, 2026 жылға - 125 410,0 мың теңге, 2027 жылға - 127 517,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2025 жылға арналған Қарауылтөбе ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |