2022-2024 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 83 шешімі
(2022.19.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022.28.04. № 117 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 178 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға 1 қосымшаға сәйкес, келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 575 328 мың теңге, оның ішінде:
салықтың түсімдері – 27 586 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 663 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 428 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 546 651 мың теңге;
2) шығындар – 581 082 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер– 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профециті) – -5 754 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 754 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 754 мың теңге.
2. Кент бюджеті түсімдерінің құрамында Саран қаласының бюджетінен субвенциялар көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
2022 жылға – 515 244 мың теңге;
2023 жылға – 388 932 мың теңге;
2024 жылға - 401 057 мың теңге.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
| Мәслихат хатшысы | О.Баймаганбетов |
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022.28.04. № 117 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.28.07. № 152 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 178 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда