Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығы
(2023.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қорғаныс министрінің 2020.21.09. № 468 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.10.07. № 678 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.