Арыс қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 «Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 шешімі
ШЕШТІМ:
1. Арыс қаласы әкімінің «Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен
Арыс қаласы әкімінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 22 шешіміне қосымша
Арыс қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Орталығы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, №1, Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: А.Абдразақов көшесі, №47, 49 үйлер; И.Ақынбеков көшесі, №84-142, 71-125 үйлер; Әл-Фараби көшесі, №2, 4, 6 үйлер; МПС-тің №1-10 үйлер; Ш.Құдайбердіұлы көшесі, №35-85, 66-118 үйлер; Б.Елшінбеков көшесіндегі үйлер; А.Борықбаев көшесі, №1-12 үйлер; О.Байдаулетов көшесі Т.Бағов және Кенбаев көшелері аралығындағы үйлер; Жеңіс, М.Бастарбеков, М.Жүсіпқожа, С.Кенбаев, Е.Шерімов, Астана, Думан, Ә.Ержанов, Ақалтын, Т.Бағов, Арасан көшелеріндегі үйлер.
№2 сайлау учаскесі
Орталығы: Арыс қаласы, М.Әуезов көшесі, №25, Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің «№11 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.