2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы
Қызылорда облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 Қаулысы
(2016.15.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9934 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016.15.09. № 580 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілгендер:
1) техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi;
2) конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi;
3) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;
4) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі бекітілсін.